Павлодарға кіреберісте төрт көлік соқтығысты. Түнде болған жол апатынан бір адам қаза тапты, ал зардап шеккен алты адамның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Куәгерлер жантүршігерлік жол апатының салдарын видеоға түсіріп алған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Павлодар облысы жедел медициналық жәрдем станциясы мәліметінше, шақырту 17 қыркүйекте сағат 22:05-те түскен. Алты минуттан кейін оқиға орнына төрт жедел жәрдем бригадасы мен апаттар медицинасы орталығының бригадасы жеткен.
"1977 жылғы ер адам қаза тапқаны анықталды. Сондай-ақ, 2003, 2004 және 2006 жылғы алты жасөспірім түрлі жарақатпен Павлодардағы №1 қалалық ауруханаға жеткізілді", - деді Павлодар облысы жедел медициналық жәрдем станциясы өкілдері.
Дәрігерлердің ақпараты бойынша олардың үшеуінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы екі адам политравма және травматология бөлімшелеріне жатқызылған. Енді бірі амбулаториялық емделуге жіберілген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова