Павлодарда төрт жасар бала 9-қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, 30 мамырда сағат 21:41-де Целинная көшесіндегі үйлердің бірінен бала 9-10 қабат биіктіктен құлап кеткені туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына бірінші санатты жедел жәрдем жіберілді, 103 бригадасы үш минутта жетті. Төрт жасар бала жақын маңдағы ауруханаға, Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Кішкентай науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін облыстық балалар ауруханасына жатқызылды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 21 мамырда Шокин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде алты жасар бала сегізінші қабатынан құлап кеткен еді. Сәби сол жерде көз жұмды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!