30 желтоқсанда 4-өрт сөндіру бекетінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен өрт сөндіруші-құтқарушысы Марлен Әбенов төрт адамды, оның ішінде бір баланы аман алып қалғаны хабарланды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.
«Марлен Әбеновке марапатты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Шаймарденов табыс етті. Ол кіші сержантты құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске салайық, Павлодарда тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт 28 желтоқсанда болған. Бірінші қабаттағы қоймаға өртенген. Құтқару қызметі келгенге дейін оқиға орнында Марлен Әбенов барған. Марлен тоғызыншы қабатқа көтеріліп, төрт адамды, оның ішінде баласы бар әйелді құтқарған.
Айта кетейік, бұл күні қызметкер жұмыста емес ауысымнан кейін үйінде болған.