- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда төрт адам...
Павлодарда төрт адам құймақтан уланған
Павлодарда санитариялық нормаларды сақтамаған кәсіпкер жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Эпидемиологтар тексерісті аяқтап, шаралар қабылдады.
28 мамырда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына төрт өтініш келіп түскен. Төрт адам Ак. Шөкин көшесінде орналасқан Eco bazaar сауда нүктесіндегі "Кренделия" дүкенінен ветчина, тауық еті мен ірімшік қосылған құймақтарды сатып алғаннан кейін уланған. Басқарма қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс ашып, кәсіпкерлік нысанға барды.
"Тамақ өнімдерін сақтау және өткізу кезінде санитариялық нормалар бұзылғаны анықталды", - деді басқарма өкілі.
Жоспардан тыс тексеріс нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес жеке кәсіпкерге қатысты шаралар қабылданды. Ол 424 580 теңге мөлшерінде айыппұл төлеп, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқауды орындау керек. Қазір бұл өнім сатылымнан алынды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова