- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда төбелеске қатысқан...
Павлодарда төбелеске қатысқан екі оқушы онлайн оқитын болды
Павлодарда төбелеске қатысқан екі оқушы онлайн оқуы мүмкін. Сот шешімі шыққанша дейін кәмелетке толмаған жастарға қатысты нақты шешім қабылданбайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Баширова жаңа оқу жылында екі оқушы қалай оқитынын айтты.
"Сот өткен соң шешімін айтамыз. Тергеу жүріп жатқандықтан, қосымша ақпарат бере алмаймыз. Әзірше олар үйқамақта отыр, әрі қарай бұл сұрақтың шешімін іздейміз. Ол мәселені Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен прокуратурамен бірлесе отырып қарастырамыз. Бұл сұрақ барлық жақтан талданады. Олар да адам ғой, еліміздің азаматы, конституциялық құқығы бар", - деді Гүлмира Баширова.
Оның айтуынша, білім басқармасы жаңа оқу жылында оларды қашықтан оқыту форматына көшіру үшін барлық жағдайды жасайды.
Еске салайық, шілденің аяғында Павлодар көшелерінің бірінде жасөспірімдер арасында төбелес болған. 14 жастағы жасөспірім баланы бірнеше адам ұрып-соқты. Оқушы бірнеше жерін жарақаттап, ауруханаға жеткізілген еді. Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 4-тармағының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі істі қозғаған. Кейін облыстық прокуратура оны ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігіне ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") ауыстырған. Қазір кәмелетке толмаған екі күдікті үйқамақта отыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан