Павлодарда теракт туралы хабарламаның кесірінен 22 мың бала мектепке бармаған
5 ақпанда Павлодар мектептерінде дайындалып жатқан террористік актілер туралы хабар ата-аналарды қорқытты. Бұл күні 22 мыңға жуық бала мектепке бармаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар Білім бөлімінде бүгін, 5 ақпанда қаладағы барлық 43 мектепте сабақ қалыпты режимде өтіп жатқаны хабарланды. Бір күн бұрын полиция қызметкерлері барлық оқу орнын тексерді. Тәртіп сақшылары күдікті немесе қауіпті заттарды таппаған. Бірақ полиция барлық мектепте қауіпсіздікті күшейтті. Алайда павлодарлық оқушылардың ата-аналары балаларын мектепке жіберуге қорықты. Бүгін 22 мың оқушы сабаққа бармаған.
"Күзет агенттіктері қарқынды жұмыс істеп жатыр, бейнекамераларға мұқият қадағаланады. Сонымен қатар, полиция бөлімшелерінің қызметкерлері қаладағы әрбір мектепте күзет қойды", - деді білім бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.
Білім басқармасының басшысы Қуаныш Қыдралин
Оның айтуынша, 5 ақпанда бірінші ауысымда 11 мыңнан аса бала, екінші ауысымда 10 мыңнан аса оқушы сабаққа қатыспаған.
"Оның ішінде оқушылардың 12 пайызы дәлелді себептермен сабаққа келмеген, қалғандары кешегі оқиғаға байланысты сабақта болмаған", - деді Қыдралин.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Павлодардың барлық мектебі ескерту жүйесімен, полицияның кезекші пункттеріне және күзет қызметі субъектілерінің орталықтандырылған бақылау пультіне шығатын дабыл түймесі, орталық басқару орталығына бейне жіберуі бар бейнебақылау жүйесімен, турникеттермен жабдықталған. Бұл шаралар барлық ұйымда қабылданғаны атап өтілді.
Еске салайық, әлеуметтік желілерде лаңкестік әрекеттер болады деген хабарламалар 4 ақпанда тарады. Белгісіз біреулер 5 қаңтарда Павлодардағы бірнеше лицей, мектептер мен сауда орталығында қырғын болады деп хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек