Павлодарда тәрбиеші мүгедектігі бар балаларды соққыға жыққан

Павлодарда тәрбиеші мүгедектігі бар балаларды соққыға жыққан
Фото: depositphotos.com

Бас прокуратура Павлодардағы әлеуметтік мекемесінде мүгедектігі бар балалардың соққыға жығылғаны туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.  

Павлодар облысында "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасын іске асыру жалғасып жатыр, оның аясында қадағалау органы зорлық-зомбылық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттердің қаупі бар "тәуекел аймағындағы" балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 

Облыс прокуратурасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда тұратын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексеру жүргізіп жатыр. 

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығы" КММ-нің бейнебақылау камераларын қарау кезінде тәрбиешінің кәмелетке толмағандарды ұрып-соққанын анықтады.  

Бұл - денсаулық жағдайы бойынша дәрменсіз және психоневрологиялық патологиясы бар үнемі күтімді қажет ететін балалар.

Кәмелетке толмағандарды қинау белгілері бойынша орталықтың қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, ол полиция департаментіне тапсырылды.

Тексерулер жалғасып жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек