- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда тағы бір...
Павлодарда тағы бір тәрбиеші баланы ұрған
Фото:
Tengrinews.kz
Балаларды түзету орталықтарының бірінде қызметкер балаға дөрекілік көрсетіп отырған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Автордың айтуынша, қатыгездік танытқан тәрбиеші жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Наталья Покидованың сөзінше, мекеменің тәрбиешісіне қатысты ҚР ҚК-нің 140-бап (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша іс қозғалды. Қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан