Павлодарда сұйық битум тасымалдайтын көлік аударылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, кеше сағат 19:15-те 112 нөміріне "Алюминий зауыты" маңындағы жолда сұйық битум тасымалдайтын КамАЗ көлігі аударылып, нәтижесінде битум төгілгені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына Алюминий зауытының өрт сөндіру бөлімі, 1 автоцистерна және жеке құрамның алты адамы барған.
Жүргізуші ауруханаға жатқызуды қажет етпеген.
"260 шаршы метр аумақта шамамен 19,5 тонна сұйық битум төгілген", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!