Павлодарда суға кеткен ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, іздестіру жұмысына жедел құтқару жасағының құтқарушылары дереу қосылды. Сүңгуіршілер күн сайын екі жүзу құралында жұмыс істеді. Сонымен қатар Ертіс өзенінің түбін эхолот көмегімен сканерлеу жүргізілген.
"24 шілдеде суға батқан адамның денесі оқиға орнынан 20 шақырым жерден, төменгі ағыс маңайынан табылды. Құтқарушылардың жұмысын су астындағы қатты ағын мен нөлдік көріну қиындатты", - деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, қайғылы оқиға 20 шілдеде болған. 1973 жылы туған ер адам шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен және куәгерлердің айтуынша, мас болған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!