Павлодарда су құбыры зақымданды: кейбір үйлер суық сусыз отыр

Павлодарда су құбыры зақымданды: кейбір үйлер суық сусыз отыр
Фото: видеодан алынған кадр

Павлодарда су құбыры зақымданды. Жөндеу жұмыстары аяқталмағанша қаланың кейбір үйлерінде суық су болмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, зақымдану бүгін сағат 12:45-те Қамзин-Малайсары батыр көшелерінің қиылысында жылу желілерін тарту жұмыстары кезінде болды.

"Қазіргі уақытта мердігер бұл ақауды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық коммуналдық қызмет, сонымен қатар қала басшылығы, жергілікті атқарушы органдар және мердігерлік ұйымдар қазір оқиға орнында. Ақауды жоюға 8 бірлік техника мен 15 адам жұмылдырылған", - деді қала әкімінің орынбасары Әнуарбек Аманов.

Суық су шамамен сағат 22:00-де беріледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан