Полиция Павлодардағы колледждердің бірінде студентті "тәрбиелеу мақсатында" оның жамбасынан ұрған оқытушыға қатысты әкімшілік іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар облысының полиция департаменті өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берген жауабында оқиға 29 қыркүйекте энергиямен қамтамасыз ету сабағында болғанын айтты. Оқытушы ток күші тақырыбын түсіндіре отырып, оны студентке көрсеткен.
"55 жастағы оқытушыға зорлық-зомбылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жіберілді", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Сонымен қатар, колледж басшысы да оқытушының мінез-құлқы үшін жазалануы мүмкін.
"Кәмелетке толмаған балаға қатысты заңсыз әрекеттерді полицияға хабарламағаны үшін колледж басшысына қатысты материал уәкілетті орган - Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментіне жолданды", - деді Павлодар облысының полиция департаменті өкілдері.
Еске салайық, Павлодарда колледж оқытушысы студентті "тәрбиелеу мақсатында" оның жамбасынан ұрған. Кейін Оқу-ағарту министрлігі Павлодар колледждерінің бірінде болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз