- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысы студент колледж
Павлодарда студент 16 жастағы қызды соққыға жықты
Павлодар тұрғыны кәмелетке толмаған қызын Павлодар колледжінің студенті ұрып-соққанын айтты. Зардап шеккен қыз миы шайқалып, ауруханаға түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысының білім басқармасы бұл деректі растады.
"Жанжал салдарынан кәмелетке толмаған студент зардап шекті. 6 қазанда миы шайқалған деген диагнозбен облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. Қазір қыз амбулаторлық ем алып жүр, жағдайы жақсы. Бүгіннен бастап оқуын жалғастырады", - деді департаменттегілер.
Олар студенттер арасындағы жанжалдың сабақтан тыс уақытта болғанын айтты. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
"16 жастағы кәмелетке толмағанның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері бұл оқиғаны объектив және жан-жақты тергеу үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - деді полицейлер.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек