Биыл "Спорт" жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Павлодар балалар-жастар спорт орталығында алдын ала сөз байласу бойынша бір топ адам жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аударғаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
"Жалпы сомасы 15 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлау схемасы тоқтатылды. Мекемеде жұмыс атқармайтын тұлғаларға жалақы төленіп, басқа да аударымдар жасалған", - деді облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті екінші жедел басқармасы басшысының орынбасары Николай Пахомов.
Павлодардың №2 сотының үкімімен қылмыскерлердің 4,5 жылға бас бостандығы шектелді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!