Павлодар облысында Жеңіс күніне орай Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне екі миллион теңгеден көмек беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірде 12 ардагер бар. Жетеуі облыс орталығында тұрса, Ақсу, Екібастұз қалаларында және Ертіс, Баянауыл, Павлодар аудандарында бір ардагерден қалған.
9 мамыр мерекесі қарсаңында ардагерлерге қаржылай көмекпен қатар азық-түлік те беріледі. Бұл туралы әкімдікте өткен аппарат жиынында облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов мәлімдеді.
Сонымен қатар, 30 мыңнан 100 мың теңге аралығындағы бір реттік материалдық қолдауға тыл ардагерлері мен Ленинград қоршауына болған тұрғындар да ие болады. Ал 150 мың теңгелік жәрдемақы алатындар қатарына мына санаттағы адамдар кіреді:
1. Чернобыль апатын жоюға қатысқандар мен қайтыс болғандар отбасы;
2. Ауғанстандағы әскери іс-қимылға қатысқандар;
3. Қызмет кезінде мүгедек болып қалған әскери қызметшілер;
4. Таулы Қарабақтағы этникааралық шеленіске қатысушылар;
5. Ауғаныстан және басқа да елдердегі соғыста көз жұмған немесе іс түссіз жоғалғандар отбасына;
Бұл бес категория бойынша жәрдемақы алатындар саны - 1343 адам.
Ведомство мәліметінше, мамырдағы мерекеге орай облыста бір реттік материалдық көмек алатындар қатары төрт мыңнан асады.
Е.Базарқұл
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!