Павлодарда сегізінші қабаттан құлап кеткен бүлдіршіннің жүрегі тоқтап қалды. Екі жасар сәбидің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
"Көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатынан құлаған 2020 жылы дүниеге келген сәбидің жүрегі бүгін сағат 21.00-де тоқтады. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қала алмадық", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы жіберген хабарламада.
Еске салайық, қайғылы жағдай 6 қыркүйекте М.Жүсіп көшесі, 270-үйде болды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі 4 минутта жетті. Бала Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!