- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда сегізінші қабаттан...
Павлодарда сегізінші қабаттан құлап, ауруханаға түскен екі жасар бала қаза болды
Павлодарда сегізінші қабаттан құлап кеткен бүлдіршіннің жүрегі тоқтап қалды. Екі жасар сәбидің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
"Көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатынан құлаған 2020 жылы дүниеге келген сәбидің жүрегі бүгін сағат 21.00-де тоқтады. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қала алмадық", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы жіберген хабарламада.
Еске салайық, қайғылы жағдай 6 қыркүйекте М.Жүсіп көшесі, 270-үйде болды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі 4 минутта жетті. Бала Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова