- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда сауда үйінің...
Павлодарда сауда үйінің шатыры қираған: зардап шеккен бір адамның жағдайы ауыр
Павлодарда сауда үйінің шатыры қирап кеткен кезде зардап шеккен екі адамның жағдайы айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, зардап шеккен екі адамға да операция қажет. №2 аурухананың баспасөз қызметі зардап шеккендер қажет ем шарасын қабылдап жатқанын атап өтті.
"Екінші адам жансақтау бөлімінен шықты. Жағдайы тұрақты ауыр. Көпжарақат бөліміне ауыстырылды. Есін біледі. Операция оның жағдайы жақсарғаннан кейін жасалады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Павлодардағы сауда үйінің шатыры опырылғаны туралы хабарлама 7 шілдеде түстен кейін түскен болатын. Оқиға орнында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының сегіз құтқарушысы мен екі техникасы, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, сондай-ақ екі жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері барғаны айтылды.
Әкімдіктің ресми мәліметі бойынша, қиранды аумағы 300 шаршы метр болады. Ал өңірлік ТЖД төтенше жағдай ошағына жақын жерде тұрған 13 автокөлік зақымданғанын хабарлады. Олардың кейбіреулері шатыр құрылымы астында қалып қойған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина