- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда сәбиді көлік...
Павлодарда сәбиді көлік қағып кетті
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Павлодарда сәбиді көлік қағып кетті. 2020 жылы туған бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, кеше сағат 00:50 шамасында 2020 жылғы туған баланы көлік қағып кеткені жайлы хабар келіп түскен. Балаға мидың шайқалуы, бастың, дененің және аяқ-қолдардың жарақаттануы диагноздары қойылды.
"Ол балалар ауруханасына жеткізілді. Бүгінде оның жағдайы бірқалыпты, бөлімде ем қабылдап жатыр", - деп хабарлады аурухана.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан