- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда полицейлерден қашқан...
Павлодарда полицейлерден қашқан жүргізуші жол апатына ұшырады
Павлодарда полицейлерден қашқан жүргізуші жол апатына ұшырады, ол көлікті мас күйінде айдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қараша күні сағат 00:25 шамасында Қамзин - Циолковский көшелерінің қиылысында Lexus автокөлігі полиция қызметкерлерінің күдігін тудырған. Көлікті тоқтату барысында жүргізуші тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, жылдамдықты арттырып, қаша бастаған.
"Малайсары батыр – Российская көшелерінің қиылысында жүргізуші бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, Toyota Camry автокөлігімен соқтығысты. 30 жастағы жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жіберілді", - деп хабарлады департамент.
Сондай-ақ, бағдаршамның тыйым салатын сигналынан өткені және міндетті сақтандыру шартын жасамағаны үшін жүргізушіге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сотқа дейін жүргізуші уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан