- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дүкен өртенді
Павлодарда өртсөндірушілер дүкеннен шыққан өртті 6 сағат бойы сөндірген
Фото:
Павлодар облысы ТЖД
Ертіс ауылындағы дүкенде өрт шыққаны туралы хабарлама 9 қарашада сағат 22:06-да келіп түсті. Ал өрт тек 10 қарашада 05:44-те сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өртті сөндіруді екпінді жел мен боран қиындатты.
Бүгінде облыстың ТЖД мәліметтері бойынша желдің күші 23-30 м/с жеткен. Өртті сөндіруге қосымша күштер, қажетті техникамен бірнеше өрт сөндіру есептері тартылды, барлығы - 19 адам. Өрт алаңы 470 шаршы метр.
Өрттің себептері анықталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә