- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда өртенген пәтерден...
Павлодарда өртенген пәтерден ер адам өлі табылды
Павлодарда өртенген пәтерден ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қаңтарда сағат 14:25-те 101 пультіне Набережная көшесі, 5 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Оқиға орнына келген кезде бір бөлмелі пәтерде жалпы ауданы 6 шаршы метр үй заттары мен жиһаздар жанып жатқаны анықталды. Өрт орнынан 1960 жылы туылған ер адамның мәйіті табылды", - деді Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Тілекжан Галямов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина