- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда оқушыны бірнеше...
Павлодарда оқушыны бірнеше адам жабылып ұрып-соққан
Павлодарда оқушыны бірнеше адам жабылып, ұрып-соқты, 14 жастағы баланың екі қабырғасы сынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
24 шілдеде кешкі сағат 20:30-да Павлодар көшелерінің бірінде төбелес болған. Бұл төбелесте 14 жастағы жасөспірім бала зардап шекті. Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар көшелерінің бірінде бір апта бұрын кешкі сағат 20:30-да жасөспірімге көмек керек деген шақырту келіп түсті.
"Жедел жәрдем 10 минутта жетті. Жасөспірім екі қабырғасы сынып, бас пен арқасын жарақаттаған. Зардап шеккен 14 жастағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген, - деп хабарлады станция.
Төбелеске қатысқанның бәрі анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 4-тармағының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жасөспірімнің жағдайы орташа ауыр екенін хабарлады.
"Оған жабық бас сүйек-ми зақымы деген диагноз қойылды. Сондай-ақ беті, басы, арқасы, кеудесі жарақатттанған", - деп хабарлады басқарма.
Бүгінде ол балалар ауруханасының травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан