Павлодарда оқушыға қол көтерген мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Павлодарда оқушыға қол көтерген мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Коллаж: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов, depositphotos.com

Оқушыға қол көтерген павлодарлық мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкіл Сәуле Шәкенова жұмыс парақшасында жазды.

"Мақпалеев атындағы Павлодар мектебінде орын алған оқиға бойынша мынаны хабарлаймын: 2024 жылғы 3 желтоқсанда Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 2-бөлігі бойынша (Ұрып-соғу немесе дене ауыртпалығын тудырған, бірақ кәмелетке толмағанға қатысты денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау) қылмыстық іс қозғалды", - деді Сәуле Шәкенова.

Еске салайық, бұған дейін 8-сынып оқушысы сыныптастарымен бәс тігіп, физика сабағы кезінде орындыққа тұрып, TikTok-та тренд болған "Oi oi oi baka" дыбысын қайталап, айқайлағанын хабарлаған едік. Оқушы мұғалімнің ескертулеріне жауап бермеген соң, физика мұғалімі оқушыға күш қолданған. Мектеп әкімшілігі мұғаліммен келісімшартты бұзды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан