• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Павлодарда өгей әкесі 2 жасар қызды аяусыз соққыға жыққан

Павлодарда өгей әкесі 2 жасар қызды аяусыз соққыға жыққан
Фото: depositphotos.com

Павлодарда жантүршігерлік оқиға. Екі жасар қызды өгей әкесі аяусыз соққыға жыққан. Баланың екі жақ сүйегі де сынған. Оның мұндай жауыздыққа не себепті барғаны әзірше белгісіз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Полицейлер ер адамның ұсталғанын хабарлады. Ол изоляторда.

Баланы ауруханаға анасы апарған. Әйел рентгеннен кейін қызының төсектен құлап қалғанын айтқан. Қыз екі қолын қозғалта алмай, арқасына қол тигізгенде жылап жіберген. Сәбидің маңдайында көгерген іздер де бар. Алайда анасы тағы да саспаған - баласы басқа балалармен ойнап жүріп жарақаттап алған көрінеді.

Әйел көп ұзамай ауруханаға оралған. Ол бәрін ойдан шығарғанын айтқан. Ал көгерген жерлер мен сынықтар - оның серіктесінің ісі. Бұл істі қазір полиция тексеріп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда өгей әкесі бес жасар ұлын азаптап жүргенін жазған едік.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget