Павлодарда мысықты құтқармақ болған ер адам қаза тапты

Павлодарда мысықты құтқармақ болған ер адам қаза тапты
Фото: gov.kz

Павлодарда мысықты құтқармақ болған ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ол биіктігі алты метр болатын ағаштан құлаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, 1975 жылы туған ер адам жедел жәрдем бригадасымен 5 сәуірде сағат 9:05-те Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізіліп, қарқынды терапия бөліміне жатқызылған.

"Жүргізілген шараларға қарамастан, жарақаттардың салдарынан науқас қайтыс болды", - деп жазылған басқарма хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget