- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда мысыққа сірке...
Павлодарда мысыққа сірке суын шашқан әйелдің видеосы тарады
Павлодарлық полицейлер жануарға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодардағы подъездердің біріндегі бақылау камерасының жазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті.
Онда тұрғын подъезд ішінде мысықтың болғанын біле тұра, сірке суын шашып жатқан сәті түсіп қалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аталған жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті түсінік берді.
"Видео бойынша полицейлер тексеріс жүргізді. Тұрғынның жеке басы анықталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы ("Жануарларға қатыгездiкпен қарау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады департамент.
Видеоның авторы қатыгездік танытқан әйел адамның мемлекеттік қызметші екенін жазған. Алайда облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. Полицейлердің сөзінше, мысық тірі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан