Ертіс мұзынан, Павлодар - Ленинский тасжолындағы көпір астынан белгісіз ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖД баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, бұл туралы хабарлама құтқарушыларға сағат 22:23-те 112 пультіне хабарланған.
"20 наурызда Павлодар-Ленинский көпірі астынан мәйіт табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Шақыру орнына келгеннен кейін жоқ ер адамның денесі табылды", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.
Құтқарушылардың айтуынша, белгісіз ер адам өлімінің себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!