- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қылмыс туралы
Павлодарда мүгедек зейнеткерлер соққыға жығылған жеке пансионат анықталды
Фото:
Midjourney
Павлодарда қарт адамдарды азаптаумен және алаяқтық әрекеттермен айналысқан қылмыстық топ әшкере болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар қаласының прокуратурасы полициямен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады.
"Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның құқығын өрескел бұзған (тамақ ішуіне, жүріп-тұруына шектеу қойған, ұрып-соққан) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген", - деп жазылған хабарламада.
Бұл деректер бойынша соталды іс жүргізу басталды, оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова