Павлодарда мұғалімді балағаттаған оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

Павлодарда мұғалімді балағаттаған оқушының ата-анасы жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мұғалім полицияға хабарласып, оқушылардың бірі облыс мектептерінің бірінде балағат сөздер айтқанын мәлімдеген.

"Тексеру жүргізілгеннен кейін полиция кәмелетке толмаған баланың ата-анасын жауапқа тартты. Материал қарау үшін сотқа жіберілді", - деп хабарлады департамент.

Сондай-ақ қала тұрғыны полицияға хабарласып, көршісі үйдің кіреберісінде балағат сөздер айтқанын хабарлаған. Енді бұзақының мінез-құлқы сотта қаралады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!