- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда мотоциклшіні көлік...
Павлодарда мотоциклшіні көлік қағып кетті
Павлодарда мотоциклшіні көлік қағып кетті. Зардап шеккен жүргізуші жеңіл жарақаттар алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Катаев - Ломов көшелерінің қиылысында Hyundai Accent маркалы автокөлік пен Suzuki маркалы мотоцикл соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен мотоцикл жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілді.
"Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіледі", - деп хабарлады ведомство.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінде зардап шеккен 26 жастағы мотоцикл жүргізушісі жеңіл жарақаттар алғандықтан, ауруханаға жеткізудің қажеті болмағанын хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан