Павлодарда мемлекеттік мүлік 10 есе қымбат сатылған
Павлодарда мемлекеттік мүлікті сату бойынша заңсыз сауда-саттықтың күші жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар облысының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Павлодар қаласының Шығыс өнеркәсіптік аймағында орналасқан ЖЖМ сақтауға арналған 5 орын мен ауданы 0,5 га жер учаскесі бар 2 қабатты мүліктік кешенді 8,3 млн теңгеге аукционда сатты.
Прокурорлық тексеру кезінде тағайындалған сараптама кешеннің нақты құны сатылған бағасынан ондаған есе артық екенін анықтады.
Сот прокурордың талап-арызы бойынша сауда-саттық және одан кейінгі сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп таныды. Қазіргі уақытта меншік иесінің құқықтарын жою және мүлікті мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина