Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды. Шетелдік аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жалдамалы пәтерлердің бірінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталды.

Ер адам өз елінде қылмыс жасағаннан кейін жасырынған. 

"Ұсталған адам Павлодардың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр", - деп хабарлады департамент. 

Бұдан бөлек, Тереңкөл ауданында тәртіп сақшысы Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзған көрші мемлекеттің азаматын ұстады. Шетелдіктің халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылды, материал сотқа жіберілді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз