Павлодарда мас жүргізуші жауапкершіліктен қашу үшін жолаушымен орнын ауыстырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Назарбаев көшесі 31/1 бойынша патрульдеу барысында Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол жүру ережелерін бұзған Toyota Noah көлігін тоқтатты. Полицейлерді көргенде, жүргізуші жолаушымен орнын ауыстырып алған.
Сонымен қатар, медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші мас болған. Құқық қорғау органдары алаяқты мас күйінде көлік жүргізу бойынша жауапқа тартты.
Сот оған 15 күндік әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады және 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз