- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда ІІМ орталығы...
Павлодарда ІІМ орталығы қызметкеріне байланысты іс тергеліп жатыр
Фото:
Tengrinews/Тұрар Қазанғапов
12 қаңтарда Павлодарда Суроганов көшесі бойындағы мекемеге келушілер арасында дау туындаған. Оқиға барысында жанжалға қатысушының бірі, яғни ІІМ оқу орталығы қызметкері газ тапанша қолданған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жанжалға қатысушылар арасында бала күтіміне байланысты демалыста отырған Екібастұз қаласы Полиция басқармасы қызметкері де бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова