- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- полиция мәлімдемесі
Павлодарда лифтіге кірген зейнеткер күтпеген жағдайға тап болған
Павлодарда зейнеткер тоналған сәт видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға күндіз Сәтбаев көшесіндегі үйдің кіреберісінде болған. Зейнеткер дүкеннен қайтып келе жатып, лифт жанында бір ер адамды кездестірген.
Екеуі бірге лифтіге кірген, бірақ бірнеше секундтан кейін күдікті зейнеткердің пакетін қолынан тартып алып, лифтіден жүгіріп шыққан. Ер адам қолды қылған пакеттің ішінде зейнеткердің 190 мың теңгесі салынған әмиян болған. Жәбірленуші бірден полицияға хабар берді.
Полиция қызметкерлері күдіктінің түр-әлпетіне ұқсас адамды ұстады. Ол бұрын сотталған қала тұрғыны болып шықты.
Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова