Павлодарда Лениннің 100 жылдық ескерткіші құлады

Павлодарда Лениннің 100 жылдық ескерткіші құлады

Павлодарда дауылдан құлаған шырша қаладағы скверлердің біріндегі Ленин ескерткішін бұзып әкетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл жағдай 8 қарашаға қараған түні болған. Қатты жел ағашты құлатқан, ал ол Ленин ескерткішіне түскен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ИНТЕРЕСНЫЙ ПАВЛОДАР (@lfb17.1)

"Дауыл салдарынан Ленин ескерткішіне ағаш құлады. Тұғырынан құлаған мүсін бөлініп қалды, қалпына келтіруге келмейді", - деп түсіндірді Павлодар әкімдігі өкілі.

Павлодардағы Ленинге арналған бұл ескерткіш 1928 жылы шілдеде ашылды. Сквер Астана - Толстой көшелері қиылысында орналасқан, қаладағы ең көне көшелердің бірі саналады. Тұғыр мен мүсін соңғы рет 2022 жылы күзде павлодарлықтардың ақшасына жөнделді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

"Ол Мәдени мұра мен ескерткіштер тізімінде жоқ. Құлаған ағаш кесіліп, жиналды. Келесі аптада тұғыр бөлшектеледі. Араб жазуымен жазылған тақта сақталады. Алдағы уақытта жұртшылықпен кеңінен талқылау кезінде осы жерге не қойылатыны шешіледі", - деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, бұған дейін өңірлерде күн суытып, қар жауып, салдарынан кейбір жолдар жабылуына байланысты шолу жасадық.

Қай өңірлерде оқушылар онлайн оқитыны да хабарланды. Кейінірек Павлодарда қатты жел салдарынан зейнеткерді ағаш басып мерт қылды.

Анықтама: Күн бұзылуына байланысты ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында 8 (7172) 70-41-14, сондай-ақ Ақмола облысының ТЖД 8(7162) 52-09-50 жедел желісінің телефоны ашылды.

Республикалық жолдардағы жағдайды 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады. Мамандар тәулік бойы қызмет көрсетеді. Алыс сапарға шығуды жоспарлаған азаматтар Kaztoll.kz сайтынан ауа райын онлайн бақылауға болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова