- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда қыздарға вейп...
Павлодарда қыздарға вейп сатқан тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Павлодарда қыздарға вейп сатқан тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Тексеру барысында заңбұзушының Instagram әлеуметтік желісі арқылы вейп сатқаны анықталды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақсу қаласында рейдтік іс-шаралар барысында Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінде ювеналды полиция тобының қызметкерлері кәмелетке толмағандарға электрондық тұтыну жүйесін – вейп сату фактісін анықтады.
"Шекпейтін өнімдердің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме шарасы таңдалды", – деді Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Айдар Сламбеков.
Еске салайық, 2024 жылдың маусым айында шекпейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістер мен сұйықтықтарды сатуға және таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салатын заң күшіне енді. Осыған байланысты ішкі істер органдары тыйым салынған шекпейтін бұйымдарды сату орындарын анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина