Павлодарда ер адам " адам бопсалады" деген күдікке ілінген соң, өз-өзін өртеп жіберген. Ол жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
29 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 24 сәуірде сағат 00:05-те Малайсары батыр мен Кіші айналма көшелерінің қиылысында ер адамның мас күйінде өзін-өзі өртеп жібергені хабарланған.
Павлодар тұрғыны денесі күйік шалып, ауруханаға түсті. Облыстық жедел жәрдем станциясы оның екінші дәрежелі травматика шогын алғанын айтты.
Павлодар тұрғынының әйелі әлеуметтік желіде күйеуі мен көршісі полицияның қысымы салдарынан бұл әрекетті ұйымдастырғанын айтты: олар бопсалады деп айыпталып отыр.
"Ер адам Павлодар тұрғынын бопсалады деген күдікке ілінді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам соттың заңды күшіне енген үкім шыққанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі", - деді облыстық полиция департаменті.
Ведомство өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі бойынша "Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу" бойынша соталды тергеп-тексерудің басталғанын айтты.
Жәбірленушінің жағдайы өте ауыр. Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, оның денесінің 65 пайызын күйік шалған. Ер адам реанимацияға жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!