Павлодарда қылмыс әлемінің серкесі ұсталды

Павлодарда қылмыс әлемінің серкесі ұсталды
Фото: depositphotos.com

Павлодарда ірі кәсіпорынды рейдерлік жолмен басып алды деген күдікке ілінген қылмыс әлемінің серкесі ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, 4 қарашада облыстық прокуратураның келісімімен Павлодардағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірін рейдерлік жолмен басып алды деген күдікпен қылмыс авторитетін ұстады.

Келтірілген шығын бір миллиард теңгеден асады.

"Жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін басып алудың басқа да деректері анықталып жатыр", - деп хабарлады Павлодар ҚМА өкілдері.

Қазір сот санкциясымен күдікті екі айға қамауға алынды.

Massaget.kz тілшісі Павлодар Қаржы мониторингі агенттігіне бұл істің мән-жайын білу мақсатында сауал жолдады.  

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев шенеуніктердің мүлікті қайта бөлу және бизнесті рейдерлік жолмен басып алу үшін өкілеттіктерін пайдалану үрдісі өскенін мәлімдеген еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек