Павлодарда құбыр жарылып, көшені су басты. Ақауды жою үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Толстой – Иса Байзақов көшелерінің қиылысындағы жылу желілерінде гидравликалық сынақ жүргізу кезінде құбыр жарылды.
"Оқиға орнында "Павлодар тепловые сети" ЖШС-ның авариялық бригадасы жұмыс істеп жатыр, - деді қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Ерлан Қалиев.
Қазіргі уақытта ақаудың шыққан жерін анықтау үшін Толстой көшесіндегі магистралдік құбыры судан ажыратылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз