Павлодарда қоймадан өрт шықты. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 мамырда сағат 15:29-да Транспортная көшесінде орналасқан бос қойманың шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер жеке тұрған бір қабатты ғимарат шатырының ағаш құрылысы мен жабындысы жанып жатқандығын анықтады. Өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына жеткенге дейін бокс қызметкерлері бір автокөлік пен екі оттегі баллонын эвакуациялады", - деп хабарлады департамент.
Өртті ауыздықтауға төрт техника және өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 17 адам жұмылдырылды. Жалын шамамен 250 шаршы метрді шарпыды.
Өрт сағат 16:22-де оқшауланып, 16:41-де сөндірілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!