Павлодарда көршісін қорқытқан тұрғын жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны Валерия Хабирова оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Мерлан Смағұловқа жүгінген. Көршісі оған үш-төрт күн бойы балағат сөздер айтып, қорқытып хат жазған.
Тәртіп сақшысы оның жеке басын анықтап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Құқық бұзушының кінәсі дәлелденген қолжазба сараптамасы жүргізілді. Сот процесі өтіп, кінәлі жазаланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!