Павлодарда көршілер арасындағы кикілжің сотқа дейін жетті

Павлодардағы Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйде бір алаңда тұратын тұрғындар арасында кезекті жанжал туындаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, даудың шығуына жеке басын ұнатпау себеп болған. 

"Ер адам көрші әйелді ұнатпайтынын жасырмады. Ол оны қорлап, балағат сөздер айтқаны бүкіл кіреберісте естілген. Оның мұндай әрекетіне ашуланған қала тұрғыны полициядан көмек сұрады", - дейді полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руфат Кенжин.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жанжалды тоқтатқан. Балағат сөздер айтқан көршісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Енді оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!