Павлодар облысы Железинка ауданының тұрғындары мерекені жаңа баспанада қарсы алды.
«Ауылдық аумақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде салынған екі үйге қоныстанған тұрғындардың қуанышы шексіз.
Құны 12 млн-ға түскен екі пәтерлі үй жергілікті биліктің шешімімен көпбалалы отбасыларға берілді. Жаңа үйдің кілтін алған Ольга Двинянина бес баланы бір өзі асырап отыр екен. Ал Хансұлу Шәйтеева ата-ана қамқорынсыз қалған екі жеткіншекті бауырына басқан.
Хансұлу Шәйтеева, Железинка ауданының тұрғыны:
- Үй беріп жатыр. Аллаға шүкір. Өсе берсін, өрлей берсін.
Надежда Омельченко, Железинка аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің жетекшісі:
- Бұл үй өте қолайлы жерде орналасқан. Жалпы көлемі 150,4 шаршы метр болады. Орталықтандырылған су және жылу жүйесіне қосылған. Баспана үй иелерінің көңілінен шығады деген ойдамыз.
Дереккөз: 24.kz