Павлодарда көліктен денесін шығарғандар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Нұрлы жол" көпірінде бірнеше жүргізуші қауіпті трюктер жасап, жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзған. Олар көліктердің терезелері мен люктерінен денесін шығарып, қауіпті маневрлер жасаған.
Полиция қызметкерлері барлығын анықтап, оларға заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік шаралар қабылдады.
"Қауіпті әрекеттерге қатысқан жолаушылар да жауапкершілікке тартылды. Көлік арнайы тұраққа қойылды", - деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Жандос Байкенов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!