Павлодарда көлік шұңқырға түсіп кетті, оқиға орында қажетті белгілер мен қоршаулар болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, "Алтын сапа" ЖШС мердігерлік ұйымы Малайсары батыр көшесінен Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі аумақта Сұрағанов көшесінің бойында ұзындығы 1 300 метр болатын су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмыс 2023 жылғы 21 шілдеде басталып, 21 қарашада аяқталады деп жоспарланған.
"Жұмыс орнында барлық қажетті белгі мен қоршау орнатылған. Мердігер осы жағдайға қатысты болған оқиғаны тергеуге қатысып жатыр", - деп хабарлады әкімдік.
Айта кету керек, тұрғын үй инспекциясы басқармасы да бұл мәселені қадағалап отыр.
Еске салайық, 21 қазанда таңғы сағат 06:20-да Павлодар - Успен автожолы, Мойылды кентінің жанында Toyota Alphard маркалы көлігі кюветке аударылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 31 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Ал зардап шеккен жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!