- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда қоқыс жәшігінен...
Павлодарда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте өлі табылды
Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы өлі табылған нәресте туралы хабар 7 наурызда түстен кейін түскенін хабарлады.
"Павлодарда қоқыс жәшігінде нәресте табылды деген хабар келіп түсті. Оқиға орнына бес минутта жеттік. Сол жерде дәрігерлер қыздың қайтыс болғанын айтты", - деп хабарлады өңірдің жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Бұл дерек бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.
"7 наурыз сағат 12:47-де Павлодар полициясына Бұқар жырау көшесінде, үйдің ауласында қоқыс жәшігінде өлі туылған бала табылған. Осы факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы фактіге қатысы адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Ішкі істер министрілігі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан