Павлодарда қоғамдық орында дәрет сындырған ер адам қамауға алынды

Павлодарда қоғамдық орында дәрет сындырған ер адам қамауға алынды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Павлодарда қоғамдық орында дәрет сындырған ер адам қамалды. Ол мас болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шөкин көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындарынан қоғамдық орында мас күйде ер адамның үйдің кіреберісіне отырып, дәрет сындырғаны туралы шақырту түскен.

"Шақырту орнына барған полицейлер мас күйінде өзін жөнсіз ұстаған облыс орталығының тұрғынын ұстады. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ер адам мас болған. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқықбұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сот 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады департамент.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан