Павлодарда кәсіпкерді заңсыз жазалағандар анықталды

Павлодарда кәсіпкерді заңсыз жазалағандар анықталды
Фото: Midjourney

Павлодар қаласында ірі кәсіпорын субъектілеріне қатысты әкімшілік қудалаудың жолы кесілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар қаласының прокурорлары инвесторларды заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады.

Белгілі FixPrice дүкендер желісінің иесіне Павлодар қаласының СЭС басқармасы санитарлық ережелердің бұзушылықтарын, атап айтқанда, тауардың атауында мемлекеттік тілде ақпараттың болмауын көрсеткен.

Осы аталған факті бойынша бұған дейін құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған іс жүргізу болған.

Лауазымды тұлғалардың заңға қайшы іс-әрекетінің нәтижесінде заңды тұлғаға негізсіз 6 млн теңге айыппұл салынған, прокурордың наразылығы бойынша оның күші жойылды.

Тағы бір жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптама бола тұра, Экология департаменті инвесторды сараптаманың болмағаны үшін әкімшілік жауапқа тартқан.

Сонымен қатар тексерудің нәтижесі туралы актіде экологиялық заңнама нормаларына қарама-қайшы талаптар жазылған.

Қабылданған қадағалау шараларымен заңсыз актілердің күші және тексеру қорытындысы жойылды, бизнесмендердің құқығы қалпына келтірілді, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту туралы мәселе көтерілді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина